Жаңалықтар

Конституцияның 3/1 бөлігіне өзгеріс енгізілмек

Конституцияның 3/1 бөлігіне өзгеріс енгізілмек
03.05.2022 17:37 2858

Бүгін, Қазақстандық қоғамдық даму институтының алаңында «Референдум 2.0: эксперттік пікір» атты отырыс өтті. Шара барысында референдумдағы Жаңа Қазақстанды құрудағы негізгі рөлі талқыланды. Сондай-ақ қатар дауыс беру қорытындылары елдегі қоғамдық-саяси жағдайға қалай әсер ететіні жайлы сөз қозғалды.

Конституцияның 3/1 бөлігіне өзгеріс енгізілмек

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы халықтың өзі Референдум арқылы таңдау жасауы дұрыс деп пікір білдірді.

«Ең біріншіден бұл саяси референдумның енгізілуі бұл қоғамдағы саяси мәдениеттілікті көтеруге, азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға, сонымен қатар саяси аренаға көптеген өзгерістер алып келетін бастамалардың бірі. Әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістердің барлығы біздің елдегі саяси-мәдениеттің жаңа бір деңгейін қалыптастыру қажет екенің көрсетеді. Екіншіден, тікелей парламенттің ішіндегі үлкен өзгерістер ол сенат пен мәжіліс арасындағы қарым-қатынас мәселесі. Бұдан былай, мәжіліс тікелей заңнама бойынша қабылдайды»,-дейді Елнұр Сабыржанұлы.

ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары, Споткай Максим Александрович «отырыс барысында референдум өте маңызды шешім деп атап өтті.

«Конституцияның әрбір үшінші бабы өзгеріске ұшырайтын болады. Бұл өте ауқымды жұмыс, ауқымды реформа деп айтуға болады. Әділ демократиялы Жаңа Қазақстанды құру, ол уақыттың талабы. Сондықтан конституцияға ұсынылып отырған түзетулердің ең басты мақсаты ішінара емес, еліміздегі реформаларды жүйелі ауқымды шараларды көздейді. Ең басты мәселелердің бірі- бұл реформа арқылы президент билікті күшейту жағынан қадам жасады. Референдумға келіп дауыс беру бұл шын мәнінде екінші республика үшін, дауыс беру деген сөз. Яғни осы референдум арқылы біз прездиент жасаған іске асыратын реформаларды қолдаудың маңыздылығын түсінетін боламыз. Халық бұл реформаны қолдай ма немесе қолдамайтының дауыс беру арқылы анықтайтын боламыз»,-дейді Максим Александрович.

«Аманат» партиясы қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы, саясаттанушы, Ерлан Ерікұлының пікірінше әлемдегі ең дамыған он елдің қатарында болатын демократиялық бәсекелі мемлекет құра аламыз деп санайды.

«Конституцияда 98 баб болатын болса, оның қазіргі таңда 33 бабына өзгеріс енгізілгелі жатыр. Ата заң тікелей бәрімізге қатысты болғандықтан, әрбір азаматтың пікірін біліп, референдумды жалпы халықтық талқылауға ұсыну Қазақстандағы дұрыс бағыттардың бірі. Президентіміздің оң бастамасы деп ойлаймын. Себебі, саяси реформаларсыз, мықты институттарсыз мемлкет ешқашан табысты болмайды»,- дейді саясаттанушы.

Еске сала кетейік, 29 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамбелясының ХХХl сессиясында сөйлеген сөзінде Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынған болатын.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға