Жаңалықтар

ҚХА мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ортақ меморандумға қол қойды

ҚХА мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ортақ меморандумға қол қойды
08.06.2022 16:00 1232

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды El.kz

Меморандумға Мемлекет басшысының 29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХI сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде қол қойылды. 

«Өңірлердегі барлық қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар Ассамблеяға қатысты жұмыстарын жүргізуге дайын. Қоғамдағы құқық қорғау мәселелері бойынша отбасыдағы зорлық-зомбылық және балаларға қатысты құқық бұзушылық орын алса біздің Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен белсенділері қатысып, сіздердің қастарыңыздан табылуға дайын», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов.

Меморандум Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары мен медиаторларын құқық қорғау қызметіне тартуды, этномедиацияны дамытуды, қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуді, жастармен жұмыс мәселесін шешуді, шиеленістердің алдын алу мен шиеленістен кейінгі реттеу жұмыстарын, тұрмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алуды көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға