Жаңалықтар

Канело: Головкинді нокаутпен жеңемін

GGG мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.
Канело: Головкинді нокаутпен жеңемін
25.06.2022 21:39 2745

Лос-Анджелесте Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес баспасөз конференциясы барысында көз арбасты, деп хабарлайды El.kz.

Мексикалық боксшы Головкинмен арадағы жекпе-жек өзінің жеке әрі дара ісі екенін айтты.

– Оның мансабының күл-талқанын шығарамын. Оған кәміл сенімдімін. Менің ойымша, оны нокаутпен жеңемін, – деді Сауль "Канело" Альварес.

Геннадий Головкин Канелоның мәлімдемесіне жауап бере отырып, оның жеке басында шаруасы жоқ екенін, тек рингке бокстасу үшін шығатынын айтты.

– Білесіздер бе, оның спортта қол жеткізген жетістіктері туралы көп айтуға болады. Ол көрсететін бокс құрметке лайық. Қазір болып жатқан эмоцияларды түк түсініп тұрғаным жоқ. Бізде керемет екі жекпе-жек болды, құшақтасып, қол алысып кеткенбіз, – Геннадий Головкин.

GGG мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Жекпе-жек Канело әлемнің абсолютті чемпионы болып табылатын екінші орта салмақтағы лимитте өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға