Қандастар Ассамблея

Көлігіне жалған нөмір орнатқандар қалай жазаланады

08.06.2022 206
Фото: turkystan.kz

Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Құжат аясында байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу, сондай-ақ интернет сапасының белгіленген талаптарына сәйкес келмегені үшін айыппұлдар сомасын ұлғайту арқылы реттеушінің рөлін күшейту ұсынылады. Ұялы және тіркелген байланыс қызметтерін көрсету сапасын арттыру мақсатында айыппұлдар сомасын ұлғайту қажет.

«Жұмыс барысында білім беру, қару айналымы және салық заңнамасы салаларында әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жазалау шараларын белгілеуге бағытталған түзетулер енгізілді. Мысалы, жоғарғы оқу орындары жабылған жағдайда білім алушыларды ауыстыру жөніндегі міндеттемелерді орындамаса, құрылтайшылардың әкімшілік жауапкершілігін белгілеу, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарын лицензиядан айыру жөніндегі функцияларды уәкілетті органға беру ұсынылады», - деді Мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақ.

Сонымен қатар, билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға байланысты әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту көзделген.

«Аң аулайтын, белгі беретін қаруды және олардың құрамдас бөліктерін заңсыз иемдену, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Ұсынылып отырған тағы бір маңызды түзетулердің бірі – автокөлікті қайталап немесе бірнеше рет мемлекеттік нөмірсіз басқарғаны үшін, сондай-ақ автокөлік құралдарына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапкершілікті күшейту. Мысалы, бұрын тек айыппұл салынатын болса, енді жүргізушіні 1 жылға куәлігінен айыру және 5 тәулік қамауға алу қарастырылып отыр», - деді депутат.


Ұқсас материалдар