Жаңалықтар

Инкассаторлық сөмкедегі 2 млн теңгеден астам ақшаны ұрлаған азамат ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz сайтында жарияланды
Инкассаторлық сөмкедегі 2 млн теңгеден астам ақшаны ұрлаған азамат ұсталды
27.06.2022 13:05 852

Маска киген Өскемен тұрғыны ЖЖҚС-на шабуыл жасады, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

30 мамырда Өскемен қалалық ПБ «102» жедел каналына өтініш келіп түсті. Қоңырау шалушы түнде белгісіз ер адам танымал «Кальмар ойыны» сериалының маскасын киіп, Грейдерная көшесіндегі ЖЖҚС-на кіріп, онда кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, инкассаторлық сөмкелерде болған 2 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткенін хабарлады.

Сигналды қабылдап, тәртіп сақшылары осындай батыл қылмысты ашуға дереу кірісті. Тергеу іс-шараларының барлық кешенін жүргізген криминалдық полицияның жедел қызметкерлері ізін суытпай 2 сағат ішінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Ұрланған ақша ұсталған адамның көлігінен табылған. Ал тапанша оның үйінен табылып, ойыншық екені анықталған.

– Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, оның әрекеттері ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сараланады, санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға