Жаңалықтар

Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobele аренасында өтеді

Головкин «Канеломен» трилогиясына дайындығын көрсетті
Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobele аренасында өтеді
Фото: rabstol.net 24.06.2022 14:45 852

WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37КО) супер орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39КО) үшінші жекпе-жегіне дайындығын жалғастыруда, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

GGG Instagram-дағы жеке парақшасында АҚШ-тағы жағажайда өткізіп жатқан жаттығуынан фото және видео жариялады.

Еске салайық, Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек биылғы 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobele аренасында өтеді. Қос боксшының бұған дейінгі екі кездесуі де осы жерде ұйымдастырылған еді.

«GGG» - «Канело» айқасына арналған баспасөз конференциясы 24 маусымда Лос-Анджелесте өтуі тиіс. Ал екіншісі 27 маусымда Нью-Йоркте ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға