Жаңалықтар

«Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысы өтті

«Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысы өтті
Фото: Артем Чурсинов 18.06.2022 16:41 2726

Нұр-Сұлтанда «Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысының финалдық кезеңі өтті,- деп хабарлайды El.kz.

Балалар жылына орай «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Steam Lab» компаниясымен бірлесіп «Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысын ұйымдастырды.

«Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысы өтті

«Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысы өтті

– Елімізде «Сенімен Болашақ» бірлестігінің 12 филиалы бар. Мамыр айының 10-30 аралығында онлайн өткен іріктеу сынына еліміз бойынша 444 отбасы тіркелді. Байқау шарты бойынша олар қолжетімді материалдардан «Steam Lab» компаниясы көрсеткен жобаны жасау барысын бейнероликке түсіріп, инстаграм парақшаларына жүктеді. Арнайы комиссия әр бейнероликті қарап, жұмыстың сапасына, уақытына, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа мұқият мән берді. Нәтижесінде әр өңірден үздік деп танылған 16 жоба екінші кезеңге жолдама алды, - деді «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рахымбек Жолаев.

«Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысы өтті

«Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысы өтті

Республика көлемінде өткен «Family Steam Challenge – 2022» жобасының мақсаты оқушылардың жаратылыстану пәндері мен техникалық ғылымдарға деген қызығушылығын арттыру, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.

– Қазіргі заманғы отбасы бейнесін қалыптастырып, отбасылық және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. «Steam» дегеніміз күнделікті тұрмыста пайдаланатын және керексіз заттардан пайдалы танымдық дүниелер жасау. Осы арқылы біз техникалық ғылымдарға арнайы құрылғыларды сатып алмай үйдегі қолданыстан шығып қалған заттардан қажетті құралдарды жасауға болатын көрсеткіміз келді, - деді Рахымбек Жолаев.

«Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысы өтті

«Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысы өтті

«Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысы өтті

Сайысқа қатысушылардың дені өзге қалалардан келген.  

– «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігінің жұмысымен танысу барысында отбасылық сайыс ұйымдастырып жатқанын естідім. Бірлестіктің балалар жылында осындай сайыстарды өткізіп балаларға көңіл бөліп жатқандығын құптаймын. Өзім тарих пәні мұғалімімін және балалармен тығыз жұмыс істейтіндіктен олардың қалауын жақсы білемін. Осы сайыс үшін арнайы Павлодардан баламмен бірге келдім, - деді сайысқа қатысушы Есбол Дәулетов.

«Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысы өтті

Үміткерлер сайыста 200 дана ағаш таяқшалардан 90 минут ішінде көпір құрастырып шығу арқылы бақ сынасты.
Отбасылық сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Атырау облысынан келген Меруерт Оташева мен қызы Әдемі Жұмабай ие болды. Бас жүлде иегерлеріне 500 000 теңге ақшалай сыйлық табысталды.

«Family Steam Challenge – 2022» отбасылық сайысы өтті

- Басқа қатысушыларға қарағанда біздің салған көпірдің тірегі өте мықты болды. Сол себепті де біз жеңдік. Жалпы, өзім сызуға, дизайнға жақынмын. Сондықтан сайыста қатты қиналмадым. Жеңеміз деген үлкен үмітпен келдік, үмітіміз ақталды. Өте қуаныштымын,- деді Меруерт Оташева.
Сонымен қатар, екінші орын алған қатысушыға 300 мың, ал үшінші орын алған қатысушыға 200 мың ақшалай сыйлық табысталды. Сайысқа қатысушылардың барлығына 100 мың теңге табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға