Жаңалықтар

Ертең +45°C аптап ыстық болады

Ертең +45°C аптап ыстық болады
21.06.2022 23:25 871

22 маусымда еліміздің 10 өңіріне қатысты дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайы El.kz сайты Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықфпен жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с, ал шығысында 25 м/с құрайды.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады: +38°C. Қарағандыда күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді. Жезқазғанда күндіз қатты ыстық сақталады: +36...+38°C.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 37°C-ге дейін қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда облысында қатты ыстық болады: +40°C. Облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде және шығысында қатты ыстық болады: +36°C. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының шөлді аудандарында аптап ыстық: +45°C. Таулы өңірлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +40°C.

Күндіз Ақтөбе облысының орталығында солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.

Күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде аптап ыстық болады: +43°C.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Батыстан, солтүстіктен, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кейде 25 м/с жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға