Жаңалықтар

Ерлігі еленбеген жауынгер Александр Несмияновтың батырлығы ұрпақ жадында

Ерлігі еленбеген жауынгер Александр Несмияновтың батырлығы ұрпақ жадында
06.05.2022 11:53 2916

Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлігі еленбей қалған жауынгер көп. Солардың бірі - Александр Несмиянов. 1942-1943 жылдары аралығында қатарынан үш рет Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылады. Алайда берілмеген.

Александр Несмиянов ұрысқа 1942 жылы араласады. Қырымды азат етіп, Украина майданында толық болады. Майор шеніндегі командир өз батальонін үш рет ұрысқа бастап кіріп жау шебін бұзып өткен. Ауыр жараланса да Берлинге дейін барған. Осы аралықта көрсеткен ерлігі үшін ол үш рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ берілмеген.

Галина Гончарова, Алтай аудандық орталық кітапханасының директоры: Ол Ресейдің Алтай өлксеніде туған. Бұл жаққа қалай, қай жылы келгені және қандай кәсіппен айналсықаны туралы ақпарат аз. Ол 1934 жылы әскер қатарына алынып, соғысқа 1942 жылдан бастап қатысқан. Осы мәліметке қарасақ қатардағы жауынгер емес, кәсіби әскери маман екенінен хабар береді.

Қиянкескі ұрыстардың бірінде жаудың 150 сарбазы мен аузынан от шашқан пулеметтерінің үнін өшірген. Тіпті бетпе-бет келген 20 фашистің он үшін жекпе-жекте жайратып салады. Осы ерлігі үшін де батыр атағына тағы ұсынылады. Алтай ауданындағы кітапхана мен музей қызметкерлері архивтерді ақтарып, мағұлматты жинастырып жатыр.

Берік Әбдіғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: Интернет иірімінде Александр Несмиянов 1991 жылы қайтыс болғаны жазылыпты. Соғыстан кейінгі өмірбаяны белгісіз. Оның ерлігі мен еңбегін есте сақтау үшін Алтай ауданындағы орталық көшенің біріне жауынгердің есімі берілетін болды.

Еркежан Алтынғажықызы, Алтай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы: Қоғамдық ұйымдар аудандық ономастика комиссиясына ұсыныс берді. Ол комиссияның шешімі мәслихаттың сессиясында қаралды. Депутаттар Александр Несмияновтың атына көше беруді бірауыздан қолдады. Қазір құжатты ресми тіркеуден өтукізу үшін әділет департаментіне жібердік. Дайын болған соң көшеге есімі жазылған тақтайшалар ілінеді.

Аудандағы мектеп оқушылары құрған «ҚаҺарман» патриоттық клубының мүшелері де жауынгер жайлы мағұлмат іздеп жатыр. Өйткені ешкім де, ешқашан ұмыт болмауы тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға