Жаңалықтар

Ерлан Қошанов: Бізге тұрақты, әділ салық жүйесі қажет

Мәжіліс спикері салық жүйесінің тұрақтылығы деген бүгінгі өлшемдерді сол күйінде қалдыру емес екенін ескертті.
Ерлан Қошанов: Бізге тұрақты, әділ салық жүйесі қажет
28.06.2022 23:32 1046

ҚР Парламент Мәжіліснің төрағасы Ерлан Қошанов AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында салық жүйесі тұрақты әрі түсінікті болуы керек деген пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бүгінгі талқылауларды қорытындылай келе келесі мәселелерге тоқталуды жөн көрдім. Біріншіден, Мемлекет басшысы айтқандай, салық жүйесін тұрақты әрі түсінікті ету – басты міндет. Яғни, бізде нақты тапсырма бар. Салық заңнамасының негізгі өлшемдерін тұрақтандыру керек. Бұл бірніші кезекте бизнесті қолдау үшін қажет. Бизнес салық жүйесінде ұдайы болатын өзгерістерден күйзеліске түспеуі керек, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері салық жүйесінің тұрақтылығы деген бүгінгі өлшемдерді сол күйінде қалдыру емес екенін ескертті.

– Үкіметтің бүгін айтқан қосымша құн салығы мен корпоративтік табыс салығын көтеру туралы ұсыныстарын тұрақтылыққа арналған ұсыныс деуге келмейді. Тұрақтылық деген мөлшерлемелердің өлшемі емес, керсінше оны тұрақты ұстау дегенді білдіреді. Тым болмағанда орташа инвестициялық мерзімге, мысалы 3 жылға белгіленуі қажет. Бұл инвесторларға да, кәсіпкерлерге де түсінікті болатын еді, – деп түйіндеді Мәжіліс төрағасы.






Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға