Жаңалықтар

Ерлан Қарин халықаралық конференцияға қатысты

Ерлан Қарин халықаралық конференцияға қатысты
29.06.2022 22:30 1199

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин ҚСЗИ ұйымдастырған «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференцияға қатысып, баяндама жасады, деп хабарлайды EL.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференцияға Орталық Азия елдері стратегиялық зерттеу институттарының басшылары, өңір дамуының өзекті мәселелерін зерттеп жүрген белгілі сарапшылар келді.

Өз сөзінде Ерлан Қарин осындай көпжақты әрі жоғары деңгейдегі сарапшылар арасындағы диалог өңірлік проблемалар мен сынақтарға және оны шешуге байланысты бірыңғай тәсіл әзірлеуге қатысты ортақ түсінік қалыптастыруға септігін тигізетінін айтты.

Осындай көпжақты әрі жоғары деңгейдегі сарапшылар арасындағы диалог өңірлік проблемалар мен сынақтарға және оны шешуге байланысты бірыңғай тәсіл әзірлеуге қатысты ортақ түсінік қалыптастыруға септігін тигізеді, - деді Ерлан Қарин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға