Жаңалықтар

Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
26.06.2022 02:31 1150

Елордада 25 маусымнан бастап Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі аралықтағы жол жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Достық көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталғанын хабарлайды.

– Осы жылдың 25 маусымынан 5 шілдесіне аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады, – делінген ведомство хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

– Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деп толықтырды басқармада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға