Жаңалықтар

Елордада ХҚҚО қызметкерлері жүргізуші куәлігін сатқан

Фото: elorda.info
Елордада ХҚҚО қызметкерлері жүргізуші куәлігін сатқан
07.06.2022 18:36 1784

Елордада белгілі бір ақыға жүргізуші куәлігін сатып келген Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін бергені үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу және автокөлікті тіркеу есебіне заңсыз қою фактісі бойынша тергеуді бастады. 

Ведомство мәліметінше, бұл іс бойынша автокөлік иелеріне арналған №2 халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері және өзге де тұлғалар күдікке ілінген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жарияланбайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға