Жаңалықтар

Елордада Қошқарбаев даңғылы уақытша жабылды

30 маусым мен 5 шілде аралығында Қордай көшесінен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елордада Қошқарбаев даңғылы уақытша жабылды
01.07.2022 07:14 1205

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлемдеді, деп хабарлайды El.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Рақымжан Қошқарбаев даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастаған.

– Осыған байланысты 30 маусым мен 5 шілде аралығында Қордай көшесінен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, - деп жазды ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға