Жаңалықтар

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды

Көрме жыл соңына дейін жалғасады
Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды
15.04.2022 17:47 3553

Бүгін елордадағы Ұлттық музейде «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрме ашылды. Бұған зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, архив, кітапхана, музей қызметкерлері мен жоғарғы оқу орындарының білім алушылары сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Аталмыш көрменің мақсаты – ұлтымыздың мәдениетіне қатысаты құнды әрі сирек кездесетін қолжазбаларды көпшілік арасында кеңінен насихаттау.

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды

Мұнда қойылған қолжазбалар халықтың сан ғасырлық рухани, саяси, мәдени, тарихи маңызды дереккөздері болып есептеледі.

Көрмеде алғаш болып ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев сөз сөйледі.

–Бұл төл құндылықтарымызды насихаттау жолындағы аса маңызды іс шара. Себебі жазба мұралар тамыры терең тарихымызды айшықтап, көпшілікке дәріптейді. Ұлт руханиятын одан ары нығайтып, жас ұрпаққа жол ашады. Осы ретте біз ұлттық музейде қолжазбалр және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорындағы бірегей жазба деректерінен арнаулы көрме ұйымдастырып отырмыз. Мұндағы мақсатымыз – көнеден сақталған тарихи мұраларды келешекпен өзара байланыстыру, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Сондай-ақ Дәурен Абаев елімізідң сан ғасырлық тарихын айғақтайтын баға жетпес мұраларымызды таныту және көпшілік назарына ұсыну қажеттігін мәлімдеді.

-Көрмеде еліміздің тарихына қатысты бірнеше маңызды жазбалар мен деректер қойылған. Атап айтсақ, көрмеден 7 ғасырда жазылған Құран Кәрім мен қоса, Қожа Ахмет Йассауидің және т.б. шығармаларымен таныса аласыздар. Мұндай жазба мұралар ұлтымыздың әлемдік өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, жаһандық тарихтағы Ұлы даланың орнын анықтауда маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ рухы берік, білімі терең, елжанды ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді деп есептеймін. Көрме жұмысына сәттілік тілейміз, - деп сөзін түйіндеді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды

ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мұндай көрменің елордада ашылуы қуантарлық дүние екенін жеткізді.

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ашылған сирек кездесетін ұлттық кітап орталығының бүгінгі көрмесі біздің музейде өтіп жатқаны үлкен қуантарлық дүние. Аз уақыттың ішінде орталық қазіргі таңда кеңінен насихатталып жатқаны әрине бәрімізге үлкен қуаныш, - деді ол. 

Бүгінгі көрмеге шамамен отыз екі қолжазба қойылған. Оларды қала тұрғындары мен қонақтары жұмыс күндері келіп жақынырақ таныса алады.

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды  

-Жалпы біздің орталықтың мақсаты – әдебиетке, мәдениетке, тарихына қатысты қолжазбалар мен сирек кітаптарды жинау және оны насихаттау. Көрмеде жалпы 32 қолжазба жинақталған. Жалпы біздің орталық 2017 жылы ашылды. Сол кезден шамамен 8000 қолжазба және сирек кітаптар жинаған болатынбыз, -  деді қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бас сарапшысы Алмат Абсаликов.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында осы уақытқа дейін шамамен алты мыңға жуық құнды кітап жиналған. Оның саны жыл сайын толығып тұрады.

-Бүгін тамаша шара болып өтті. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығындағы кітаптарымызды осында әкеліп, жұртшылық назарына ұсынып отырмыз. Олар шамамен жетінші ғасырдан басталады. Мұнда келушілер Құран Кәрімнің көшірмесімен және де өзге маңызды жәдігерлерді тамашалай алады. Біздің негізгі мақсат – қазақтың жазба мұраларын көбірек насихаттау, - дейді  Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Бекділдаұлы. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға