Жаңалықтар

Елімізде бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс тіркелген

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі мәлімдеді
Елімізде бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс тіркелген
Фото: inform.kz 27.06.2022 11:23 1040

Бір аптада Қазақстанда 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Бір апта ішінде 2948 қылмыс жасалды, оның 1864-і тәулік ішінде ашылды, – деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруге қатысты қылмыстың бетін ашты. Сонымен қатар, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 1 қарақшылық, 37 тонау және 465 бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғасы анықталып, осы қылмыстардың мән-жайы белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға