Жаңалықтар

Елімізде 2025 жылға дейін орта арнаулы кәсіптік білім беру ақысыз болады

Фото: inform.kz
Елімізде 2025 жылға дейін орта арнаулы кәсіптік білім беру ақысыз болады
03.06.2022 10:47 1100

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Astana hub аумағында жастармен кездесу барысында айтты, - деп хабарлады El.kz ақпарат порталы Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

Ералы Тоғжанов ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен, жастар ұйымдарының өкілдерімен, жас кәсіпкерлермен, жас ғалымдармен сондай-ақ белсенділермен жүздесті.

Ералы Тоғжанов жастарды қолдау бағытында Үкімет бірқатар ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Мәселен, 2025 жылға дейін орта арнаулы кәсіптік білім беруді ақысыз ету жоспарланып отыр. Оның айтуынша ондаған мың грант бөлінетін үздік халықаралық университеттер Қазақстанда өз филиалдарын ашпақшы. Сондай-ақ, жас ғалымдарға да қолдау көрсетіледі. Үкімет жас ғалымдардың санын 50% - ға дейін арттыру міндетін қойып отыр.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары жұмыспен қамту мәселелерінің оң шешімін тауып жатқанын атап өтті. Коммерциялық идеяларға 10 мың грант бөлініп отыр, олардың сомасы 1,2 миллион теңгеге дейін ұлғайған. 2025 жылға дейін 2 млн. қазақстандық үшін жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

«Жастардың негізгі проблемаларының бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету. Біз 2025 жылға қарай тұрғын үй құрылысының барлық бағдарламалары шеңберінде жас отбасылар үшін 25% квота енгізуді көздеп отырмыз. Бүгінгі күні 3 өңірде іске асырылып жатқан Отбасы банкінің жеңілдетілген ипотека бағдарламасын барлық өңірде іске қосу жоспарланып отыр», - деді Е.Тоғжанов.

Кездесу қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов қатысушыларды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға