Жаңалықтар

Елімізде ұлттық геологиялық қызмет құрылды

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.
Елімізде ұлттық геологиялық қызмет құрылды
23.06.2022 17:10 1636

Елімізде ұлттық геологиялық қызмет мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мәжілісте өткен геология саласын дамыту тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Қазір Цифрлық даму, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп жер қойнауын пайдалану саласы бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе «Kaznedra» платформасын құру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бірыңғай платформа барлық процесті бір терезе арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсетеді. Бүгінде аталған жобаны іске асыру бойынша жол картасы Үкімет қарауына енгізілді. Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасы бойынша «Қазгеоақпарат» және «Қазгеология» базасында ұлттық геологиялық қызмет құрылды, – деді Серікқали Брекешев Мәжіліс қабырғасында баяндама жасай отырып.

Министрдің айтуынша, ұлттық геологиялық қызмет 15 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті.

– Жалпы геология саласын мемлекеттік тұрғыдан реттеуде жетекші елдерде (Австралия, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Корея және тағы басқа) ұлттық геологиялық қызмет табысты жұмыс атқарып келеді. Аталған қызметі салаға қатысты барлық ақпараттың ашық әрі қолжетімді болуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұлттық қызметті енгізу аясында минералдық ресурстардың ұлттық деректер базасын пайдалану, геология саласына қатысты ақпаратты жүйелеп, талдау арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсетпекпіз, – дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға