Жаңалықтар

Экспорт шығынын өтеу бойынша 150 компанияның өтінімі қанағаттандырылды

- тауарларды жеткізуге байланысты шығын бойынша – 3 478,2 млн теңгеге 221 өтінім;
Экспорт шығынын өтеу бойынша 150 компанияның өтінімі қанағаттандырылды
30.06.2022 04:36 1784

Отандық өңделген тауарды немесе көрсетілетін қызметті сыртқы нарыққа ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығынының бір бөлігін өтеу жөнінде 2022 жылы өткізілген 9 ВАК қорытындысы бойынша 150 компаниядан жалпы сомасы 3 633, 97 млн теңгеге 244 өтінім мақұлданған, деп хабарлайды EL.KZ СИМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде:

- тауарларды жеткізуге байланысты шығын бойынша – 3 478,2 млн теңгеге 221 өтінім;

- тауарларды ілгерілету бойынша – 155,8 млн теңгеге 23 өтінім.

Мемлекеттік қолдаудың осы түрінің орнына экспорттаушылар өздеріне қарсы міндеттемелерді қабылдайды, олар өтем алуға арналған келісімдерде тіркеледі.

Мәселен, экспорт кезінде шығындарының бір бөлігі өтелген 137 компания 2023 жылға қарай мынадай көрсеткіштерді арттыруды жоспарлап отыр:

- экспорт көлемін 107 094,6 млн теңгеге;

- бюджетке салық аударымдарын 16 452, 6 млн теңгеге;

- жұмыс орындарының санын 1 700 адамға.

2022 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанның өңделген тауар экспорты 34,5%-ға өсіп, 7,5 млрд долларға жетті.

2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша мақұлданған өтінімдер келесі субъектілерге берілді:

Шағын бизнес – 138 өтінім;

Орта бизнес – 55 өтінім;

Ірі бизнес – 51 өтінім.

Экспорттық шығындарды ішінара өтеуге берілген өтінімдер бойынша мақұлданған компаниялар экономиканың мынадай салаларын ұсынады:

- құрылыс материалдарын өндіру;

- тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі;

- машина жасау;

- химия саласы;

- тоқыма саласы;

- резеңкеден және пластмассадан жасалған бұйымдар өндіру;

- дайын металл бұйымдарын өндіру;

- фармацевтикалық өнімдер өндірісі;

- электронды және электр жабдықтарын өндіру және т. б.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға