Жаңалықтар

Демалыста көретін фильмдер топтамасы

Әлемдегі ең таңдаулы фильмдердің тізімі
Демалыста көретін фильмдер топтамасы
04.01.2021 18:00 4811

Жаңа жыл — өзгерістер мен жаңа белестерге жетелейтін алып науқан. Бұл мейрам қарсаңында көңіл-күйдің көтеріңкі болуы жеңісті де жемісті кезеңдерге жетелері анық. Ал мерекелік көңіл-күйді сезіну үшін ең әуелі отбасы жағдайындағы мол дастархан мен жаңа жылдық фильмдердің көмегі зор. Сол себепті мерекелік сәтті тиісінше сезіну мақсатында жаңа жылдық фильмдер топтамасын жасауды ұйғардық. Ендеше, назар аударыңыздар.

 

«Гринч — похититель Рождество»

Әлемдік деңгейде ең көп сұранысқа түскен үздік фильмдердің бірі. Туынды Гринч есімді жасыл түсті әлдебіреудің жаңа жылды ұрламақ болған әрекеті турасында өрбиді. Мұнда жамандық пен жақсылықтың белгілері ұтымды түрде үйлесім тапқан. Отбасымен тамашалауға арналған фэнтези және комедиялық жанрдағы қызықты фильм.

Демалыста көретін фильмдер топтамасы  

«Один дома»

«Один дома» фильмі — осымен бірнеше буынды күлдіртіп келе жатқан комедия жанрындағы шығармалардың бірі. Бұл туындының сюжетін тек біліп қана қоймай, жаттап алған көрермендердің саны шаш етектен. Американдық отбасы «Рождество» мейрамын қарсы алу үшін Европаға жол тартпақ ниетте болатын. Алайда, кей түсініспеушілік салдарынан Маккалистр отбасының Кевин есімді кенжесі үйде жалғыз қалып қойып, аталмыш сапарға туыстарымен бірге аттана алмайды. Жалғыз қалып қойған бала үйіне төнген қауіптің алдын алып, әккі ұрылардың кісенделуіне өз септігін тигізеді.

Демалыста көретін фильмдер топтамасы

 

«Силач Санта-клаус»

Жаңа жыл қарсаңында Торн есімді алаңғасар бай достарымен бірге бояулы қарулармен атысып, жайбарақат жүрген кезде заң қызметкерлерінің көзіне түсіп, олардан қашып құтылмақ болады. Осы сәтте Торн аяз атаның киімін киіп, бой тасалап үлгереді. Дегенмен, осы киім арқылы басқаша өмірге өткендей үлкен әсер алады. Ол енді көпшілік қауымға көмектеспек ниетте болып, жетімдер үйін жаппақ болған бір зұлымның жолын бөгейді. Шығарма 1996 жылы АҚШ-та түсірілген. Араға көп уақыт салмай бұл туындыға оң баға берген көрермендер өте көп болған көрінеді.

Демалыста көретін фильмдер топтамасы

 

«Один плюс один дома»

Музыкалық жанрдағы жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын фильмдердің бірі. Көптің көңілінен шығып үлгерген комедия жанрындағы отбасылық қызықты фильм. Соня мен Миша жаңа жыл науқанында үлкен сынақ астында қалады. Өйткені дәл мейрам тұсында екеуі жалғыз қалып, айлакер адамдармен күресуге тура келеді. Дегенмен бұл фильм сіз ойлағандай қорқынышты емес. Себебі Соня мен Миша көрермендерді қызыққа батыра білетін батыл әрекеттерге кіріседі.

Демалыста көретін фильмдер топтамасы

 

«Джентельмены, удачи!»

Иә, атауы сізге таныс болуы мүмкін. Алайда, бұл фильм — бұрынғы фильмнен өзгерек. Смайлик — нағыз ұры. Ол ұлттық мұражай қорынан құны 9 миллион тұратын алтын жауынгер сауытын ұрлап кеткен. Дегенмен заң өкілдері Смайликті емес, оған ұқсас тіпті аумай қалған Леша Трешкинді қамауға алады. Енді полиция өкілдері Лешаны әлгі қарақшының сыбайластарына жіберіп, алтын жауынгер сауытын тауып келуді бұйырады. Фильм көрермендерге жол тартқан күннен бастап көпшіліктің ыстық ықыластарына бөленген.

Демалыста көретін фильмдер топтамасы

 

«Ёлки»

Көпшілік күліп көретін кинокартиналардың қатарында сапалы да заманауи туындылармен туындылармен танылып жүрген режиссер Тимур Бекмамбетовтың «Шыршалар» комедиялық фильмі де бар. Кинотуынды көрерменге өмірде жақсы мен жаманды қатарласа отырып, ол туралы ойымыздың үлкен рөл атқаратынын аңғартқысы келеді. Мәселен, біреуді ренжітсек, келесі де дәл солай бізді екінші адам ренжітуі мүмкін. Мұны әділдік немесе бумеранг заңы деп те атайды. Бумеранг заңы әлемде ортақ құбылыстардың бірі. Әзілмен әжуалап, кадрмен көркемдеген туындының астарында жұртқа жасаған жақсылығын өзіне қайтып келеді деген тұжырым бар.

Демалыста көретін фильмдер топтамасы

 

Бүгінгі санында сіздерге әлемдегі ең таңдаулы жаңа жылдық фильмдердің нұсқасын ұсындық. Олай болса, жабырқау сәттен арылып, аталған фильмдерді жаңа жылдық көңіл-күймен тамашалаңыздар.

(Суреттер ашық ғаламтор көзінен алынды) 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға