Жаңалықтар

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: pexels
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
06.06.2022 09:15 1380

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болжанады. Найзағаймен жаңбыр жауып, бұршақ, дауыл, батысында қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды El.kz Қазгидромет-ке сілтеме жасап.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында – тұман, оңтүстік-батысында – шаңды дауыл соғады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай, тұман, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының шығысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз таулы аудандарда найзағай күтіледі. Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с соғады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде – тұман, күндіз облыстың батысында – жел 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл соғады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағаймен бірге жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының орталығында, солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, облыстың орталығында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, жел 15 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының орталығында, шығыссында найзағай, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз оңтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында желдің күшеюі 15-20 м/с болады.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде және орталығында – найзағай, дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде – тұман түседі.

Күндіз Атырау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға