Жаңалықтар

Дәурен Абаев: Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қараудың негізінде халық бірлігі тұр

Фото: Мәдениет және спорт министрлігі
Дәурен Абаев: Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қараудың негізінде халық бірлігі тұр
04.06.2022 16:06 1283

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласында патриоттар форумы өтті. Іс-шараға көрнекті мәдениет өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар және т.б. қатысты, деп хабарлайды El.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз әрқашан Туымыз бен Әнұранымызды, Елтаңбамызды мақтан тұтамыз және бүгін осы тамаша мерекені атап өту үшін жиналып отырмыз. Әрқашанда аспан түстес-көк байрағымыз тәуелсіздігіміздің мызғымастығын, қазақстандықтардың жоғары жетістіктерін әлемге мақтанышпен сүйіншілеп, көкте желбіреп тұрсын! Әрқайсымыздың жүрегімізде жатталған Әнұранымыздың қасиетті сөздері әлемді жаңартатын жетістіктерге жетелеп, жігерлендірсін. Елтаңбамыз әрқашанда Қазақ мемлекетінің жоғары беделінің белгісі болсын! Бұл залда еліміздің озық ойлы, жасампаз жастары жиналып отырсыздар, мен Сіздердің мемлекеттік рәміздерге деген айрықша қастерлі қарым – қатынастарыңыздың негізінде елге деген зор мақтаныш, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік және шынайы халық бірлігі тұрғанына кәміл сенімдімін», - деді Дәурен Абаев форумға қатысушыларға арнаған сөзінде

Сондай-ақ, іс-шара барысында «Жыл патриоты» номинациясының жеңімпаздары марапатталды:

«Ғылым және білім» – Асхат Жұмабеков, білім беру зерттеулерінің Еуропалық Ассоциациясының еуропалық байқауының жеңімпазы; Максим Здоровец, физик, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тректік мембраналық технологияларды дамыту жөніндегі инженерлік бейіндегі зертхананың жетекшісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

«Мәдениет және спорт» – 2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Паралимпиадасының қола жүлдегері Александр Герлиц; Гүлнұр Мамасарипова, телепродюсер, сценарист.

«Медицина және волонтерлік» – QazCovid-in (QazVac) коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші Күнсұлу Закария; ерікті Абылайхан Әбдіраш Нұр-Сұлтан қаласында пандемия кезінде кәсіби медициналық көмек көрсеткен. Сондай-ақ халыққа медициналық көмек көрсету үшін «Қазақстанның Медицина Жастары» РҚБ құрған.

«Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы» - кәсіпкер Бейбіт Асанов өз қаражатына туған ауылында (Погадаев ауылы, БҚО) спорт кешенін салған. Қазіргі уақытта онда ауыл тұрғындары жаттығып, мәдени іс-шаралар өткізуде; Аманжол Арипов, «БАХА SОHNE» ЖШС директоры, Ақмола облысы Атбасар ауданы Покровка ауылында сұлы үлпегін өндіретін зауыт салған. Компанияның 1000 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы бар.

«Технология және бизнес» - Өркен Мамырбаев Phillips компаниясымен бірге қазақ тіліндегі сөздерді мәтінге айналдыратын бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеген. Бұл технология қазақ тілін ақпараттық кеңістікке интеграциялау және дамыту үшін тұңғыш рет әзірленді; Сабыржан Акбаров, кәсіпкер және меценат, 2021 жылы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуынан пайда болған апат кезінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек көрсеткен. Сондай-ақ өткен жылы қуаңшылыққа байланысты жем-шөп тапшылығы кезеңінде Маңғыстау облысының тұрғындары үшін шөп жинауға көмек көрсеткен.

«Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» – Ұлан Мырзабай, гвардияшы, Ақтөбе қаласындағы қаңтар оқиғасы кезінде Отан алдындағы борышын абыроймен орындап, ерлік көрсеткен; Сәбит Шонтақбаев сегізінші қабаттан үш жасар қызды өз өмірін қатерге тігіп құтқарған.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға