Жаңалықтар

Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз - Тоқаев

Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз - Тоқаев
05.05.2022 21:46 2767

«Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленеді. Халықтың ой-санасы жаңғырып, өмір салты өзгереді. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша, Екінші Республиканы қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қажет», - деді Президент бейне үндеуінде.

Президент бейнеүндеуінде конституциялық реформа барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге бағытталғанын атап өтті.

«Конституциялық реформа биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтеді. Үйлесімді және теңгерімді жүйені нығайтады. Мәслихаттардың ықпалын арттырады.Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік береді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сондай-ақ Президент бейнеүндеуінде аудандық және қалалық мәслихат депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің толықтай енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашатынын атап өтті.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға