Жаңалықтар

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 20 жыл

«Қара береттілер» өңірлік қолбасшылықтың басты жауынгерлік күші.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 20 жыл
31.03.2021 17:33 3728

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына бірнеше өңірлік қолбасшылықтар кіреді. Әскер тектерінің ішінде Құрлық әскерлеріне қарасты құрамалардың ең жасы деп – «Батыс» өңірлік қолбасшылығын айта аламыз. Жақында аталмыш қолбасшылықтың құрылғанына 20 жыл толды. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен Батыс әскери округі құрылды. Осы әскери құрама кейіннен үлкен өңірлік қолбасшылыққа айналды. Құрамына Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары кіреді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 20 жыл

Мемлекеттік шекараның беріктігін сақтау мен аумақтық тұтастығын қорғау – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті болып табылады. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы еліміздің экономикалық мүддесін қамтамасыз ету де – құраманың мойынындағы міндет.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының бас кеңсесі 2005 жылы Ақтөбе қаласынан Атырауға көшті. Ашылу салтанатына Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысты. Сол уақыттан бері «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы Қарулы Күштердің құрылған күніне орай өтетін әскери шеруде сап түзеп келеді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 20 жыл

2002 жылдан бастап аталмыш өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдер ауқымды оқу-жаттығуларға қатыса бастады. Мәселен, «Бейбітшілік теңізі-2002», «Батыс-2003», «Рубеж-2006», «Өзара іс-қимыл-2009», «Бейбітшілік миссиясы-2010», «Орталық-2011», «Қаратау-2014» және «Батыс-2018» сияқты ірі жаттығуларды сәтті өткізді.

Запастағы полковник Рысқалиев Сағидолла:

– Құрлық әскерлерінің құрамына кіретін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрылуы Қарулы Күштердің тарихында жауапты қадам деп бағалаймын. Еліміздің батыс шебін қорғауға бағытталған жауапты міндет сол кезеңде тәжірибелі әрі өз ісіне мығым әскери қызметшілерге сеніп тапсырылды. Қандай нәрсені бастағанда да қиындық болатыны ақиқат. Сол қиын кезеңнен өткен ардагер офицерлер тәуелсіз елдің төл әскерінің қалыптасуына барынша үлес қосты. Олар тарихтың көне дәстүрін сақтай отырып, жүктелген міндеттерін абыроймен атқарды. Бастапқы уақытта материалдық-қамтамасыз ету бойынша кемшіліктер болғаны жасырын емес. Алайда, уақыт өте келе өзекті мәселелер шешімін тауып, өңірлік қолбасшылық жыл өткен сайын аяғына нық тұра бастады. Әр қолбасшы, өзінің күш-жігері мен ынтасын жауынгерлік даярлықты нығайтуға, мықты кадрларды әзірлеуге, инфрақұрылымды жақсартуға бағыттап отырды. Құрылғанына 20 жыл толған өңірлік қолбасшылықтың бүгінгі бейнесіне қарап, тамсанамын, қуанамын. Алдағы уақытта, өңірлік қолбасшылықтың маңызы мен әлеуеті бұдан да жоғары болатынына сенімім мол.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 20 жыл

Өңірлік қолбасшылықтың құрылу тарихына көз жүгіртер болсақ, Батыс әскери округінде штаб бастығы ретінде генерал-майор Шойынбаев Асхат Өлмесұлы басқарды. Округ қызметінің өркендеуіне үлес қосқан әскери мамандар қатарында Баязитов Рамиль Равильевич, Сухин Валерий Иванович, Нечитайло Владимир Николаевич, Бабич Игорь Владимирович, майор Сейтқазин Азамат Сабырұлы, Мороз Вадим Борисович, капитан Тихоненко Андрей Петрович, Рахматулин Сергей Асылгареевич, Бейсенов Рамазан Маликович, прапорщик Чабанова Наталья Николаевна, келісімшарт қызметкерлері старшина Бабич Ольга Анатольевна, кіші сержант Тихоненко Елена Владимировна, қатардағы жауынгер Мороз Светлана Владимировналарды атап айтуға болады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 20 жыл

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының басты міндеті – мемлекет шекарасының қауіпсіздігін, шекара тұтастығы, егемендігін толық қамтамасыз ету және Каспий теңізі секторында Қазақстан республикасының экономикалық мүддесін қорғау.

Теңіз жаяу әскерлері

Өңірлік қолбасшылықтың негізгі күші әрі ерекше құрылымы деп еліміздегі жалғыз Теңіз жаяу әскерлерін айта аламыз. Әскери бөлім қарт Каспийдің сағасындағы Ақтау қаласында орналасқан.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 20 жыл

Теңіз жаяу әскерлері бригадасының басты міндеті – Қаспий теңізі мен мемлекеттіміздің оңтүстік-батыстағы шекара аумағына қауіп төнген жағдайда тиісті плацдармға ие болып, негізгі Күштердің келуіне дейін сол жерлерді қорғау болып табылады.

Ақтауда Теңіз жаяу әскерлеріне арнап салынған әскери қалашық бар. Қазaқстaндық теңіз жaяу әскерлері бригадaсында өжет, өз істеpіне мығым, қызметінe адaл қаншaма жауынгеp қызмет етіп жaтыp. Бригада құрамы жаңа үлгідегі заманауи қару-жарақ сондай-ақ техникалармен жабдықталған. Қара беретті әскерлер ату полигонында әскери маневрлердің сан түрін меңгеріп, әскери машықтарын жетілдіреді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 20 жыл

390-теңіз жаяу әскері бригадасын гвардия подполковнигі Жаннұр Сатқынов басқарады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқармасы әскерлердің жауынгерлік даярлығы қашан да бабында болуы үшін, қойылған міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындау үшін жан-жақты қолдау көрсетіп, барлық жағдайды жасайды. Салыстырмалы түрде қарасақ, аз уақыт ішінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығы беделін арттырып, әскер түрлерінің арасында ерекше құрметке ие болды. Әлбетте бұл жерде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы ретінде еңбек сіңірген азаматтардың үлесі орасан екенін айтқанымыз жөн.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 20 жыл

Батыс әскери округінің алғашқы қолбасшысы генерал-майор Сихимов Манас Камардинұлы болды. Содан кейін, контр-адмирал Ратмир Әлімханұлы Комратов, одан кейін генерал-майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы, генерал-майор Халықов Әмір Қасымбекұлы, полковник Нұғманов Мұрат Қажымұратұлы, генерал-майор Оспанов Дәулет Рысқұлбекұлы, генерал-майор Әбубәкіров Қаныш Асанханұлы басқарды. Қазіргі уақытта құрылғанына 20 толып отырған «Батыс» өңірлік қолбасшылығын полковник Алдияров Нұрлан Қапанұлы басқарып отыр.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 20 жыл

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқармасы әскерлердің жауынгерлік әзірлігі бабында болуы үшін, оларды жан-жақты дайындауға және жүктелген міндеттерді ұдайы орындау алу әзірлігінде болу үшін барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде.

Жетістіктері

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері 2018 жылы «Мергендер батальоны» атты Құрлық әскерлерінің үздік мотоатқыш батальоны мен зениттік дивизионы сайысында жеңімпаз атанды. Халықаралық Армия ойындарының Мәскеудегі «Алабино» полигонында өткен «Танк биатлоны» конкурсында 2 және үшінші орын иеленді. «Мергендер шебі» сайысында (Отар елді мекені, Белорусь Республикасы Брест қаласы) бірнеше дүркін жеңімпаз атанып, жүлде алды. «Сұңқар салу» конкурсында (Отар) жеңімпаздар қатарынан көрінді. 2018 жылы Ұлыбританияның Уэльс қаласында өткен «Кембрий патрулі» халықаралық жарысында 3 орын алса, барлау жасақтары арасындағы «Алтын үкі» сайысында 2012 жылы жеңімпаз, ал басқа жылдары үштік қатарында көрінді. Өңірлік қолбасшылықтың сержанттар корпусы ұдайы түрде АҚШ, Германия, РФ, Үндістан елдерінде біліктілікті шыңдау курстарына қатысып отырады, ал офицерлер құрамы РФ, Түркия, Пәкістан, Үндістан, Ұлыбритания елдеріндегі даярлық курстарына қатысуда. 2020 жылдан бастап, өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері Ливан еліндегі бітімгершілік роталарының құрамына енгізіле бастады. Соңғы жылдары спорттағы жетістіктер де айтарлықтай ұлғайды. Мәселен, әскери қолданбалы спорт түрлерінен 12 спорт шебері, 26 спорт шеберіне үміткер және 50-ден астам спорт дәрежесін алған әскери қызметшілер бар. 2017 жылғы жауынгерлік сайыс қортындысы бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Қарулы Күштердің үздік құрылымы болып танылды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 20 жыл

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлерінде жауынгерлік тапсырмаларды орындауға, әскерлерді сапалы даярлауға барлық қажетті оқу-материалдық база бар.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 20 жыл

Қарулы Күштердегі жалғыз теңіз жаяу әскерінің бригадасы – өңірлік қолбасшылықтың мақтанышы саналады. Себебі, «Қара береттілер» өңірлік қолбасшылықтың басты жауынгерлік күші болып табылады. Өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері жауынгерлік дайындықта жоғары деңгей көрсетіп, Қарулы Күштер жарыстары мен халықаралық армия ойындарының бірнеше рет жеңімпаздары атанды.

(Суреттер ҚР Қорғаныс министрлігі Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметінен алынды).

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға