Қандастар Ассамблея

Барыс жылы – ырыс жылы

29.12.2021 1610

Халықтық наным бойынша, Барыс жылының жақсылығы да, ауыртпалығы да аралас жыл болады. Бұрындары Барыс жылы есте қалатын елеулі оқиғалар болмағандықтан, біздің халық оны жайсыз жыл санамаған, жақсылығын көбірек күткен, ол туралы жаман сөз айтпаған екен. Жылды өзінің «иесімен» салыстыра қарасақ, Барыс қайсар, текті, жасқануды білмейтін батылдығымен ерекшеленеді, яғни алдағы жыл Барыс мінезді қайсар, текті, жасқануды білмейтін қазақ халқы үшін де ырыстың, жақсылықтың жылы болады деп үміттенеміз.

Жыл санауы бойынша, кіретін 2022 жыл – Барыс жылы. Шығыс күнтізбесінде барыс жылы негізі 2022 жылдың 1 ақпанында кіреді. Халқымыздың жорамалында бұл жылы күрделі бетбұрыстар алдындағы тыныштық жылы деп саналған.

Барыстың табиғи белгісі – ағаш. Содан болар, барыс жылында туғандар қажырлы әрі мықты, жомарт болып келеді. Ал кемшілігі – өзімшілдігі мен тынымсыздығы.

Барыс – сиыр жылынан кейін, қоян жылынан бұрын кіретін мүшел есебінің үшінші жылы. Орталық Азия халықтарының күнтізбелерінде қолданылады. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде Барыс жылын жолбарыс жылы деп те атайды. Барыс сақтардың ұғымында қасиетті аң болған.


Барыс жылы туғандар еңбекқорлығы мен адалдығы және жауапкершілігі үшін барлық салада табысқа қол жеткізеді. Махаббатта, бизнесте және отбасы мәселесінде жолы болады. Жаңа жылдың басында-ақ, өткен жылдан қалған барлық мәселелерді шешіп, жаңа жоспарларды жүзеге асыруға дайын болады.

Алайда Барыстар аса сақ және абай болғаны дұрыс. Қызба мінезді, ашуланшақ, басқаға билік жүргізгенді ұнататын түз тағысы жақындарын ренжітіп алудан сақтанса, Доңыз жылын шаттықпен қарсы алады. Тек Доңыздың сан қилы сынағынан сүрінбей өтулері қажет. Осалдық танытпау, кездескен кедергілерге мойымау керек!

Жылдың алғашқы жартысында күтпеген қызықты оқиғалардың куәсі болады. Күйгелектік танытпаса, табысты жыл болмақ. Айналасындағы адамдармен тез тіл табысып, ұрымтал сәттерді жіберіп алмауға тырысқаны жөн. Еңбек ететін ұжымының ортасында және отбасында бедел-мерейі арта түспек.