Жаңалықтар

«Бәйтерек» холдингі «Сбербанк Қазақстанды» сатып алады

Санкцияларға сәйкес бұл банк шетел валютасында операциялар жүргізе алмайды.
«Бәйтерек» холдингі «Сбербанк Қазақстанды» сатып алады
Фото: liter.kz 23.06.2022 11:30 1070

Қазіргі кезде «Сбербанк Қазақстанды» сатуға қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Қазіргі кезде «Сбербанк Қазақстанды» сату мәселесі талқыланып жатыр. Бұл банк «Сбербанк Ресейдің» еншілес ұйымы екені белгілі. Аталған банк санкция тізіміне енгізілген болатын. Оның шетел банктеріндегі корреспондеттік шоттары жабылды, сондай-ақ жаңа қаржыландыру тетіктерін тарту мүмкіндігіне шектеу енгізілді. Осыған байланысты «Сбербанк Ресей» өзінің Қазақстандағы еншілес банкін сату туралы шешім қабылдады. Қазіргі кезде аталған банкті сату тұрғысында «Бәйтерек» холдингімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл ретте шарттың мән-жайын тараптар келіссөз аяқталған кезде жариялайды деп ойлаймын. Біз агенттік ретінде келісімшартты бекіту кезінде банк заңнамасы талаптарының сақталуын бақылаймыз», - деді М. Әбілқасымова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға