Қандастар Ассамблея

Бүгін елімізде республикалық референдум өтеді

05.06.2022 152
Фото: abai.kz

Бүгін елімізде республикалық референдум өтеді. Референдум барысында ел тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауыстарын береді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Республика бойынша 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Ал республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімі 11 млн 722 мың 536 адамды құрайды. Сонымен қатар  Сыртқы істер министрлігі 52 шет мемлекеттегі Елшіліктеріміздің жанынан 65 учаскелік референдум комиссиясын құрды. Оларда шетелде жүрген Қазақстанның шамамен 11 350 азаматы дауыс бере алады.

Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінді.

Бұл шығыстардың 79 пайызы комиссия мүшелерінің жалақысын төлеуге бағытталады. Ал қалған 21 пайызы дауыс беру учаскелерінің метариалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, Орталық референдум комиссиясы мен учаскелік әрі аумақтық комиссиясының жұмысына, баспа өнімдерін даярлауға, ақпараттық сүйемелдеуге, сондай-ақ ел аумағында арнайы билбордтар орналастыруға арналған.

Ұқсас материалдар