Жаңалықтар

Қазгидромет үш өңірде қуаңшылық болатынын ескертті

Атырау облысында Махамбет, Жылыой, Құрманғазы және Балықшы аудандарында 2022 жылғы шілде айының бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық болады.
Қазгидромет үш өңірде қуаңшылық болатынын ескертті
29.06.2022 00:28 1584

Қазгидромет бірнеше өңірде шілде айының басында құрғақшылық болады деп болжап отыр, деп хабарлайды El.kz.

– Қызылорда облысының Жалағаш, Арал, Шиелі, Қазалы және Қармақшы аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Атырау облысында Махамбет, Жылыой, Құрманғазы және Балықшы аудандарында 2022 жылғы шілде айының бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық күтілуде, - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағандай, Қазгидромет Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында жауын-шашын аз жауатындығын айтқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға