Жаңалықтар

Қазақстандықтар ұшақпен жиі қатынайтын болған

Ұлттық статистика бюросы деректерді жариялады
Қазақстандықтар ұшақпен жиі қатынайтын болған
Фото: gov.kz 27.06.2022 20:33 845

Әуе қатынасы арқылы тасымалданған жолаушылар саны артты, деп хабарлайды El.kz Stat.gov.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында әуе көлігімен 3,6 млн адам тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7% көп. Осы аралықта жолаушылар айналымы 5 877,1 млн/ж-км құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға жоғары. 

Тасымалданған жолаушылардың негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі – 2,5 млн жолаушы. Кәсіпорындардың жолаушылар тасымалынан түскен табысы 157 650 млн теңгені құрады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға