Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші әлемдегі үздік 70 жас теннисшінің қатарына енді

ITF 18 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті.
Қазақстандық теннисші әлемдегі үздік 70 жас теннисшінің қатарына енді
22.06.2022 17:17 2123

Қазақстандық Аружан Сағындықова әлемдегі үздік 70 жас теннисшінің қатарына енді, деп хабарлайды El.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

18 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған ITF рейтингісінде Максим Батютенко 81-ден 78-орынға көтерілді. Ислам Орынбасар – 199 (-1), Даниил Фелькер – 236 (-4), Даниал Рахматуллаев 239-сатыда (-5) тұрса, Әмір Омарханов 424-тен 418-ге жоғарылады. 

Қыздар арасында Аружан Сағындықова 82-ден 70-орынға бір-ақ шықты. Сандуғаш Кенжебаева – 108 (+11), Дана Байдәулет – 161 (-1), Жанель Рүстемова – 162 (+3), Еркежан Арыстанбекова – 212 (-3), Айя Нұпбай – 301 (+14), Асылжан Арыстанбекова – 376 (+41), Іңкәр Дүйсебай 421-сатыға (+13) жайғасты.  

Сондай-ақ 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe қауымдастығы рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы төртінші, чемпиондық кестеде бесінші орында келеді. Дамир Жалғасбай – 44 (-1), Даниэль Тазабеков – 59 (-4), Родион Лукашов – 191 (+17), Михаил Мищенко – 234 (+14), Дамир Дүйсенғазин – 257 (-9), Арсений Требухин 293-сатыда (+26) тұр. 

Қыздар арасында Софья Исакова 108-орынға жайғасса, ақтөбелік Ева Корышева бірден 151-ге (+72) аспандады. Ариана Гогулина – 321 (-8), Яна Ким – 366 (+36), Сәтима Төреген 381-орыннан көрінді. 16 жасқа дейінгілер арасында Шәкен Мансұр – 118 (+12), Демид Горбачев – 152 (+23), Артем Сидоров 189-сатыға (+2) шықты.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға