Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының титулдық жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

Бұл туралы prosports.kz сайты хабарлады
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының титулдық жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін
Фото: opennews.kz 02.07.2022 16:27 1333

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) супер орта салмақта WBA белбеуінің иегері кубалық Давид Моррелмен (6-0, 5 КО) кездесу өткізу мүмкіндігінен айырылып қалуы мүмкін, — деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы prosports.kz сайты хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, кубалық боксшы қазіргі уақытта америкалық Давид Бенавидеспен (25-0, 23 КО) айқас өткізу туралы келіссөз бастады.
Бұл кездесу қыркүйек айында болуы мүмкін. Жекпе-жекте Бенавидеске тиесілі WBC белбеуі сарапқа салынады екен. 
Ал Моррелге тиесілі WBA белбеуіне қатысты жаңалық жоқ. Соңғы шешімді ұйыммның өзі шығарады. Егер ұйым кубалықтан белбеуді тартып алатын болса, Ербосынұлы мен міндетті үміткер белбеуді сарапқа салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға