Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы ынтымақтастығының жай-күйі талқыланды

Тараптар Орталық Азия өңіріндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты
Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы  ынтымақтастығының жай-күйі талқыланды
Фото: gov.kz 24.06.2022 09:14 898

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде Мәскеуде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен кездесті, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтындажарияланды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі талқыланды.

Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы  ынтымақтастығының жай-күйі талқыланды

Кадрларды даярлау, жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу, әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша тыңғылықты диалог болды. Тараптар Орталық Азия өңіріндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға