Жаңалықтар

Қазақстан интернеті ең арзан елдердің тізіміне енді

Қазақстан интернеті ең арзан елдердің тізіміне енді
Фото: Pixabay 20.06.2022 16:42 954

Қазақстан интернет пен цифрландырудың жоғары қарқынымен ерекшеленетін 10 елдің қатарына енді, деп хабарлайды El.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы 6 және одан жоғары жастағы қазақстандықтардың цифрлық сауаттылық деңгейі жалпы халықтың 85,3%-ын құраған. Бұл еліміздегі әрбір бес тұтынушының төртеуі дербес компьютер, смартфон, планшет, ноутбукты пайдалануға дағдыланғанын, сондай-ақ стандартты бағдарламаларды пайдаланып, интернет арқылы қызмет ала алатынын көрсетеді. Бұл ретте үй шаруашылықтарын ұялы телефондармен қамтамасыз ету қазірдің өзінде 99,4%-ды құрап отыр.

Елімізде  мобильді интернет құны әлемдегі ең төмен көрсеткішке ие. Осылайша, 2022 жылға арналған интернетке қолжетімділік индексінің соңғы рейтингіне сәйкес Қазақстан интернеттің ең төмен тарифтері бойынша 8-орынға ие болды. Қазақстандықтар 1 ГБ мобильді интернет үшін небәрі $0,8 төлейді. 

Салыстырмалы түрде, көршілес Өзбекстанда айына 1 ГБ үшін 1,3 АҚШ доллары, Тәжікстанда – 3,5 АҚШ доллар төленсе, интернет тарифі 17,5 долларға жеткен Түрікменстан Африка елдері және арал мемлекеттерімен бірге аутсайдерлер қатарына кірді.

Қазақстаннан басқа үздік ондыққа Ресей, Қырғызстан және Беларусь мемлекеттері де кірді. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы мобильді интернетпен қамтудың жоғары деңгейі – 96% құрайды.





Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға