Жаңалықтар

Қазақстан азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады

Қазақстандықтар енді Мальдив Республикасына визасыз бара алады. Бұл туралы Үкімет қаулысы шықты, деп хабарлайды El.kz
Қазақстан азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады
Фото: minval.az 14.06.2022 16:50 1432

«Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Мальдив Республикасына 30 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды. 30 күн ішінде аталған елден кету мүмкіндігі болмаған азаматтар Мальдив Республикасының құзыретті органдарынан мерзімді ұзарту туралы рұқсат алуы тиіс», делінген қаулыда.

Ал Мальдив Республикасына қызмет бабымен баратын азаматтардан виза талап етіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға