Жаңалықтар

«Ауыл Ел-бесігі» жобасына 128 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

1 500 АЕК-тен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит (4,6 млн теңге).
«Ауыл Ел-бесігі» жобасына 128 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
30.06.2022 03:54 1551

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков "AMANAT" партиялық бақылау комитетінің отырысына қатысты. Қатысушылар "Ауыл – Ел бесігі" және "Дипломмен ауылға" жобаларын іске асыру барысын талқылады, деп хабарлайды EL.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобалар туралы:

«Ауыл - Ел бесігі» жобасының мақсаты - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл іріктелді, онда ауыл тұрғындарының 89% тұрады. 2019-2021 жылдарға 206 млрд теңге бөлініп, 2,6 мыңнан астам жоба жүзеге асырылды - деді вице-министр.

Жаңғыртылған нысындар:

250 тұрғын үй-коммуналдық нысаны;

676 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны;

1,7 мыңнан астам көлік инфрақұрылым нысаны;

Биыл республикалық бюджеттен 1 057 жобаны іске асыруға 127,9 млрд теңге бөлінді.

576 ауылды қамту жоспарлануда.

«Дипломмен ауылға» жобасы

100 АЕК біржолғы көтерме жәрдемақы (306,3 мың тенге).

1 500 АЕК-тен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит (4,6 млн теңге).

2009-2021 жылдары 85 мыңнан астам маман 14,1 млрд теңге сомасында көтерме жәрдемақы алды.

40 мыңнан астам маман тұрғын үй сатып алу үшін 123,5 млрд теңге сомасында бюджеттік кредит алды.

2022 жылы 4,3 мың маманға 20 млрд теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға