Жаңалықтар

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты ыстық болып, найзағай ойнайды.
Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
23.06.2022 18:42 837

24 маусымда еліміздің тоғыз облысында қатты ыстық болып, найзағай ойнайды, – деп хабарлайды El.kz порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

24 маусымда күндіз  Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавл қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

24 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Орал қаласында найзағай ойнайды.

Күндіз 24 маусымда Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 24 маусымда Абай облысының батысында, орталығында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық - 35 градусқа жетуі мүмкін. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі бар.

24 маусымда Алматы облысында түнде таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке жетеді. Қонаев қаласында 24 маусымда түнде найзағай ойнайды.

24 маусым Жетісу облысында түнде оңтүстігінде, күндіз шығысында және таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке жетуі ықтимал. Күндіз облыстың шығысында 36 градус аптап ыстық болады.

24 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40-44 градус аптап ыстық болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетіп, шаңды дауыл соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында 24 маусымда күндіз 41-43 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар.

24 маусым Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында 24 маусымда найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал.

24 маусымда Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан, батыстан, солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 35-37 градус аптап ыстық болады. Ақтөбе қаласында 24 маусымда түнде найзағай ойнайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға