Жаңалықтар

Атырауда Қызыл кітапқа енген құстар қырылып жатыр

Мамандар қарабас шағалалардың жаппай қырылып жатқаны туралы дабыл қақты.
Атырауда Қызыл кітапқа енген құстар қырылып жатыр
29.06.2022 08:40 3881

Каспий қайраңындағы "Қашаған" кен алаңы маңайынан және "Ақжайық" табиғи резерватының аумағында мыңдаған шағалалардың өлекселері табылды, деп хабарлайды El.kz порталы "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта өлген құстардың жалпы саны бес мыңнан асып отыр. Қырылып жатқан тек қарабас шағалалар екені белгілі болды. Басқа құстардан ешқандай ауру белгілері анықталмады.

Осыған байланысты бас қаладан арнайы мамандар шақырылды. Шағалалардың өлекселерінен сынама алынып, зертханаға жіберілді.

Атырау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға