Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Президентке әлемдік діндер көшбасшыларының съезіне дайындық барысы туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Фото: Ақорда 22.06.2022 17:28 1074

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордада 14-15 қыркүйек аралығында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық барысы жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Діни форумға қатысушылар пандемиядан кейін адамзатты әлеуметтік-рухани бағытта дамытудағы әлемдік және дәстүрлі конфессия көшбасшыларының рөлін талқылайды.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Съезге жоғары деңгейдегі діни және рухани көшбасшылар қатысады деп жоспарланған. Съезд Хатшылығы форумды ұйымдастыру және мазмұны жағынан жоғары деңгейде өткізу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр.

Мәулен Әшімбаев Парламенттің VII шақырылымдағы 2-сессиясында Сенат атқарған жұмыстардың қорытындысы жөнінде мәлімет берді. Қазіргі уақытта Парламент 68 заңды қабылдап, Мемлекет басшысының қол қоюына жолдады. Сенат депутаттары осы сессия барысында 18 заң жобасына бастамашы болған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Конституциялық реформалар аясында заң шығару процедурасын оңтайландыру үдерісі жөнінде ақпарат берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға