Жаңалықтар

ArtSport жобасы жұмысын жалғастырады – Дәурен Абаев

Жобаны қаржыландыруға 2022 жылы 123,7 млрд теңге бөлінген.
ArtSport жобасы жұмысын жалғастырады – Дәурен Абаев
Фото: gov.kz 22.06.2022 14:53 2658

Қазіргі уақытта 495 мың бала 15 мың үйірме мен секцияға барып жүр. Оған 32 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді. Жыл соңына дейін қосымша 97 млрд теңге қажет. Бұл туралы Дәурен Абаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, – деп хабарлайды El.kz.

– ArtSport бұқаралық спортты дамытудың жалғыз механизмі емес, мысалы бүгінге дейін 41 дене шынықтыру сауықтыру кешенін іске қосу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Оның 32-сі аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде ашылды. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде спорттық іс-шаралар мен секцияларды ұйымдастыруға жауапты 3064 жаттықтырушы жұмысқа алынды. Жастарды жұмысқа тарту үшін өткен жылы баскетбол, волейбол, футзал, қазақша күрес, үстел теннисі сияқты спорт түрлерінен мектепшілік және студенттер арасында ұлттық лигалар өткізілді, - деді Дәурен Абаев.

Білім беру жүйесінің барлық деңгейінде дене шынықтыру пәнінің ұстаздарына сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы тағайындалады.

– Бұл ретте 30 мыңнан астам дене тәрбиесінің мұғалімі қамтылды. 2022-2024 жылдары аталған мақсатта қосымша 21 млрд теңге бөлінеді. Бүгінге дейін балалардың қосымша спорт секциялары мен үйірмелерді қамту 73% құрап отыр. Жан басына шаққанда қаржыландыру жүйесі мен білім беру ұйымдарындағы секциялардан бөлек балалар мен жасөспірімдерді оқытатын спорт мектептерінде 386 мың бала білім алуда,- деді министр.

2022 жылы қаржыландырудың жалпы көлемі 123,7 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, мақұлданған ваучерлер төленеді және әр аймақ оған кететін қаржыны қарастырып жатқанын атап өтті.

– Мәліметтерді тексеру, кезекті автоматтандыру, қаржыны бөлу мен қызмет ұсынушылардың есебін қадағалауға байланысты бірқатар кемшіліктер орын алды. Осы мәселелерді шешу үшін басқа да мүдделі мемлекеттік органдар ережеге бірнеше өзгеріс енгізіп отыр. Бұл процесс екі кезеңнен тұрады. Бірнішісі, биыл мамыр айында жүзеге асырылды. Жаңа нормаларға сәйкес оқытушылар мен жаттықтырушылардың санатына қойылатын талап күшейтілді. Әкімшіліктердің өтініштерін қарау мерзімі ұзартылды. Сапаны бақылауға және қаржының мақсатты игерілінуіне электрондық және жалпыға қолжетімді форматта мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді. Екінші жүйеде бірнеше өзгерістер орын алды. Мемлекеттік спорттық, шығармашылық және қосымша білім алу тапсырыстарының аясында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріге бір ғана өтініш беру қағидасы енгізілді. Мысалы, қазір бір бала мектептегі секцияға, ArtSport жобасы бойынша секцияға және шығармашылық үйірмеге баруы мүмкін. Көпшілікті қамту мақсатында біз тек бір секцияны ұсынамыз, - деді Дәурен Абаев.

Спорт түрлерінің саны 71-ден 30-ға дейін, шығармашылық үйірмелер 59-дан 30-ға дейін қысқаратынын атап өтті.

– Алдымен біз қайталантын спорт түрлерін топтастырдық. Мысалы, үстел теннисі, көзі нашар көретін балаларға арналған үстел теннисі, қимыл жүйесі зақымдалған балаларға арналған үстел теннисі және бейімделген теннис түрлері бар. Бұл секциялардың барлығы өз жұмысын жалғастыра береді, тек бір ортақ атауға біріктіріледі. Жеңіл атлетикадағы жағдай да осыған ұқсас, - деді министр.

Спорт түрлеріне байланысты балалардың жасы бекітілді. Көркем гимнастакаға 5 жастан,   боксқа 12 жастан бастап баруға болады. Мұндағы басты мақсат балалардың денсаулығын қорғау.

Ғимараттарға қойылатын талаптар жетілдірілді. Оның ішінде санитарлық эпидемиялық жағдайы, өрт қауіпсіздігіне сәйкестігі, видео архивті 30 күн бойы сақтау мүмкінідігі бар видео бақылау камераларымен жабдықталуы. Спорт және басқа да жабдықтармен қамтамасыз етілуі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға