Жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорынында болған апатқа қатысты екі адам қамауға алынды

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорынында болған апатқа қатысты екі адам қамауға алынды
Фото: Kaztag.kz 20.06.2022 16:23 1147

Қарағанды облысы Полиция департаменті  10 маусымда «АрселорМиталл Теміртауда»  4 адамның қайтыс болу фактісіне байланысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу амалдары үшін арнайы комиссия құрылып, өндірісте болған қайғылы жағдай бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу барысында мекеме жұмысшылары сонымен қатар өндіріс кезінде қауіпсіздік шараларына жауапты адамдардан жауап алынды. 

Жинақталған материалдардың негізінде Қылмыстық кодекстің 277-бабында (құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзып, абайсызда екі немесе оданда көп адам өліміне әкеп соққан) көзделген қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қауіпсіздік шараларына жауапты 2 басшы ұсталды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға