Жаңалықтар

Аптап ыстық әлі де жалғасады

Аптап ыстық әлі де жалғасады
25.06.2022 05:09 2141

Қазгидромет 25 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.

Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 25 маусымда күндіз 42-44 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарда найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 17-22 м/с. Күндіз 39 градус қатты ыстық сақталады. Қонаев қаласында 25 маусымда күндіз 37 градус ыстық сақталады. 

Жетісу облысында таулы аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, таулы аудандарында 17-22 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорған қаласында 25 маусымда күндіз 36 градус ыстық сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Көкшетау қ: таңертең және күндіз 25 маусымда найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

Атырау облысының шығысында және батысында, орталығында 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ: күндіз 25 маусымда 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-батыстан облыстың батысында, солтүстігінде жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ: 25 маусымда күндіз қатты 36-38 градус ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 

Абай облысының шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 39 градус қатты ыстық күтіледі. Қостанай қ: 25 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға