Жаңалықтар

Қапшағай су қоймасында үш адам құтқарылды

Қапшағай су қоймасында үш адам құтқарылды
03.07.2022 01:36 983

Қапшағай су қоймасындағы қалалық жағажайда құтқарушылар патрульдеу жүргізу кезінде жағадан 250 метр қашықтықта 1997 жылы туған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Ол үрлемелі матрасқа отырып, жағадан алыстап кеткен.

Сонымен қатар, құтқарушылар жағалаудан 400 метр қашықтықта тағы екі ер адамды құтқарды. Олардың бірі – 2000 жылы туған ер адамның аяғының сіңірі тартылып, суға батып кете жаздаған. Енді бірі 1998 жылы туған азамат өз күшін жете бағаламай, үрейге бой алдырып суға батып кете жаздады – делінген хабарламада.

Құтқарушылар үш ер адамды қауіпсіз жағаға эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес. Оларға судағы қауіпсіздік ережелері және құтқару кеудешесінсіз суға шомылудың салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысының ТЖД азаматтарға суға шомылу маусымында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға