Жаңалықтар

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

EЦ-166/5 түзeу мeкeмeсіндeгі сoттaлғaндaрдың өмірі қaндaй?
Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 29.04.2021 17:19 6369

Абақтыда өткен 25 жыл...

Оған екі адамды өлтіргені үшін 1996 жылы өлім жазасы берілген еді. Бірақ 1998 жылы елімізде өлім жазасын өмір бойына бас бостандығына айырумен алмастырылған болатын. Сол жылы Абибулла Оразқұловтың жазасы 25 жыл бас бостандығынан айыруға өзгертілген болатын.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Ол өзі туған ауылдағы көршісінің үйіне асарға барады. Жиын аяқталғаннан кейін үй иесі Абибуллаға ішімдікке тойып алған күйеуін ұйқыға жатқызып бірақ кетуін өтінеді.

–Таңғы сағат 4 кезінде шудан ояндым. Оның әйеліне тағы да ішімдік беруін сұрап мазасын алып жатқанын көрдім. Мен көршімді сабырға шақырып едім, ол маған көнбеді. Мені соққыға жықты. Жерге құлап түстім. Одан кейін тек қана екеуміздің төбелескеніміз есімде. Ары қарай не болғаны есімде жоқ. Мен өзімді ұстай алмай қалдым. Кейін есімді жиғанда қолымдағы балтаны көрдім. Әлгі жігіт өліп қалыпты. Әйел де дәлізде ес-түссіз жатыр екен. Маған бір нәрсе айтқысы келді. Жанына барып басынан сүйеп көтергенімде ол тілге келмей көп қан жоғалтқандықтан өліп кетті , – дейді сотталған.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Ол сұқбат барысында қылмыс жасаған кезде өз-өзіне жауап бермейтін жағдайда болғанын айтты.

Абибулла Оразқұлов қазір 47 жаста. Жасаған қылмысы үшін биыл жиырма бесінші жыл түзеу мекемесінде отыр. Осы айдың аяғында жазасын толығымен өтеп шықпақшы. Бостандыққа шыққанда оны 2007 жылы танысқан әйелі күтіп отыр. Басында олар бір-біріне хат жазу арқылы араласқан екен. Кейінірек жақын танысқаннан кейін, түзеу мекемесінде қарым-қатынастарын заңдастыруға шешім қабылдапты.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Темір торда отырған 25 жыл ішінде сотталушы дәнекерлеуші және металл өңдеуші мамандықтары бойынша білім алған. Жалпы Қазақстан және әлемде болып жатқан жаңалықтар жөнінде ол тек теледидардан ғана көріп біледі.

– Күнде таңертең таңғы алтыда тұрамыз. Жексенбі күні сағат жетіде ұйқыдан тұруға рұқсат беріледі. Жаттығу жасап, жуынып асханаға таңғы асқа барамыз. Одан кейін әр жазасын өтеушінің бір күндік кестесі болады. Түске дейін тегін жұмыс істейміз. Одан кейін түскі ас. Кесте бойынша кітапханаға, дүкенге керек-жарағымызды алуға мүмкінігіміз бар. Одан әр күні әр түрлі кейде кешкі алтыға дейін, кейбір күндері кешкі сегізге дейін жұмыс істейміз. Тапсырыс бойынша жұмысқа шықсақ, бізге жалақы төленеді. Негізі мен асханада нан кесуші болып жұмыс істеймін. Белгіленген уақыт бойынша туыстарыммен кездесемін. Өткенде скайп арқылы шешемді көріп қатты қуанып қалдым, – дейді жазасын өтеуші Абибулла.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

– Өмірімнің жартысы темір торда өтті. Сол жылдар аралығында көп нәрсе өзгерді. Жаңа технологияларды қолдануды білмеймін. Ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге әйелім келіп тұрады. Бар жаңалықты әйелімнен естимін. Бостандыққа шығуыма екі жыл қалғанда намаз оқи бастадым. Қазір қасиетті Рамазан айында ораза ұстап жүрмін, – деді ол.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Абибулла бізге бостандықтың қадірі ерекше екендігін, істеген ісіне әлі күнге дейін өкінетіндігін жеткізді. Ол абақтыда отырған жылдары қайтыс болған туған-туыстары мен әкесіне бір уыс топырақ сала алмағанын айтып, налыды.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Бүгінде аталған түзеу мекемесінде Абибулла Оразқұлов сияқты 20 жылдан астам уақыт жазасын өтеп жатқан тағы да бес сотталушы бар.

«Есірткі сатып, істі болдым»

Келесі кейіпкеріміз 1961 жылғы азамат. Алпысты алқымдаған апталдай ердің жанарында мұң бар. Бетін торлай басқан әжімдері, мұңға толы жанарынан өкініш көрінеді.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

– Көкшетаудың жігітімін. 2014 жылдан бері осы мекемеде отырмын. Биыл 8 жыл болды. Маған жасаған қылмысым үшін 11 жыл 4 ай мерзім берілді, – дейді сотталған азамат.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Есірткі заттарын тасымалдау және таратқаны үшін сотты болған азамат әлі күнге дейін өзегін өкініш өртейтіндігін айтады.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

– Өкінгеннен не пайда, болар іс болды. Үйде төрт бірдей бала қалды. Кіші ұлым 19 жасқа келеді. Егіз қыздарым да өсіп қалды. Жақында әйелім келіп кетті. 2016 жылдан бері өндірісте жұмыс істеймін. Бос уақытымда кітап оқимын, – деп сөзін қысқа қайырды ол.

Түзеу мекемесіндегі тәртіп

Мекеме басшысы жазасын өтеушілердің таксафон арқылы туған-туыстарына хабарласу мүмкіндіктері бар екендігін айтты. Сотталғандар белгілі кесте бойынша айына 4-5 рет 15 минутқа дейін сөйлесулеріне мүмкіндіктері бар.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Бүгінде мекемеде 9 жасақ бар. Әр жасақ жеңіл, жеңілдетілген, ауыр және өте ауыр қылмысы үшін жазасын өтеушілер үшін арнайы бөлінген. Бір жасақта шамамен 60-70 сотталған бар. Ал олар орналасқан бөлмеде 6-7 жазасын өтеуші бірге тұрады.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Одан кейін түзеу мекемесінің асханасына бардық. Асхана 120 адамға арналған. Сотталғандарға күніне үш рет тамақ беріледі. Асханада жазасын өтеушілердің бірі аспаз, екіншісі нан кесумен және көкөністерді тазартумен айналысады. Түскі ас барысында сотталғандарға мәзір бойынша бірінші және екінші тағам беріледі. Мереке күндері асханада аспаз түрлі тәтті бәліш мен тоқаштар пісіреді.

Сотталғандардың кездесулері

Сотталғандарға түзеу мекемесінің аумағында екі сағаттан төрт сағатқа дейін қысқа мерзімді, ұзақтығы бiр тәулiктен үш тәулiкке дейiн ұзақ кездесулер берiледi.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Туған-туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесулер түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен жүргізіледі. Ұзақ кездесулер жұбайымен және жақын туыстарымен (ата-аналар, балалар, асырап алғандар, асырап алынғандар, ағалы-iнiлiлер, апалы-сiңлiлер, атасы, әжесi, немерелерi), ерекше жағдайларда түзеу мекемесi бастығының рұқсаты бойынша өзге адамдармен бiрге тұру құқығымен берiледi.    

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)   

Сотталған адамдарға өздерiнiң өтiнiшi бойынша ұзақ кездесудi қысқа мерзiмдiсiмен, ал тәрбиелеу колонияларында мекемеден тыс бiрге тұрумен ұзақ кездесудi колониядан тысқары шығатын қысқа мерзiмдiсiмен ауыстыруға рұқсат етiледi. Ауыстыру тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. Сотталғандарға заң көмегін алу үшін олардың санына, ұзақтығына шек қойылмай және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда, олардың арызы бойынша адвокаттармен кездесуге рұқсат беріледі.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

– Коронавирус пандемиясына байланысты бүгінде сотталғандардың туған-туыстарымен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулеріне тиым салынған. Олар бейне байланыс арқылы екі сағатқа дейін байланысқа шыға алады. Ол үшін мекемеде арнайы құрылғылармен жабдықталған бөлме бар,– дейді мекеме басшысы.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Сонымен қатар жазасын өтеушілер демалыс күндері спорт алаңында жаттығып, заңнамаға қатысты өтетін арнайы сабақтарға қатыса алады.


Қатаң режимдегі сотталғандар

Мекемедегі сотталғандар мекеме тәртібін бұзған жағдайда қатаң режимдегі жасаққа ауыстырылады. Олар бір жыл көлемінде сол жасақтың құрамында болады.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

– Қатаң режимдегі жасақтағы сотталғандарға қатысты белгілі тиымдар бар. Оларға күніне 1,5 сағат қана таза ауада тыныстауларына мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар кездесу санын да шектеулі. Қатаң режимдегі сотталғандарға таксафонды пайдалануға тиым салынады. Сотталған тәрбие бұзған жағдайда, мысалы жеңілдетілген түрде ұйықтап қалуы, киім үлгісін бұзуы мүмкін. Ол кезде жазасын өтеушімен әңгіме жүргіземіз. Ескерту береміз. Жағдай қайта қайталанған жағдайда сөгіс жарияланады. Мекемеде 25 жас пен 65 жас аралығында сотталғандар жазасын өтеп жатыр. Біздің мекемеде бірінші, екінші дәрежелі ауыратын адамдар болады. Оларға анықтама беріледі. Мекемедегі дәрігерлер оларды жиі бақылап қарап тұрады. Ол жазаларын жатын орындарында, санитарлық бөлімде өтейді, – дейді жасақ бастығы Алмас Амангелдіұлы.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Жазасын өтеп шыққан сотталғандар, мерзімінен бұрын босап шыққан азаматтар екі жыл көлемінде пробация қызметінде және учаскелік инспектордың есебінде тіркеуде тұрады.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

– Бостандыққа шыққаннан кейін бұрын сотты болғандар кешкі сағат 22:00-ден кейін үйінде отыруы керек. Және де ол кісілер қоғамдық жұмыстардың сағатын өтеуге міндетті. Олар төлемсіз сот берген сағатты өтеуі керек. Және де осы шараларды тексерген кезде түнгі сағат 22:00-ден кейін үйінде болмай қалған жағдайда, қоғамдық жұмыстарға келмеген жағдайда мекемеде 3 жыл артына тастап ерте босап шығатын болса, қайтадан сол іс бойынша темір торға тоғытылады. Менің тәжірибемде біздің мекемеде жазасын толық өтеп шығып, қайтадан абақтыға оралған азаматтар болған жоқ,- дейді жасақ басшысы.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Бүгінгі таңда біздің мекемеде мен басшылық етіп отырған жасақтағы сотталғандар 3 жыл мен 25 жыл аралығында сотты болғандар.

– Біз жасақ бастығы болғаннан кейін өзімізге тапсырылған сотталғандарға жауап береміз. Мейлінше оларға көмектесіп, жазасын өтешілердің тәртібін қарауға тырысамыз. Жазасын өтеушілерді жеке құрам мен әскери жасақпен бірлесіп үнемі бақылып, қадағалап отырамыз. Камера бойынша әр жарты сағат сайын тексеріс жүргізіледі. Сонымен қатар сотталғандардың жеке сұрақтары болады, – дейді жасақ бастығы.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Сонымен бірге Алмас Амангелдіұлы жасақ бастықтары сотталғандармен үнемі бірге болғаннан кейін олардың жақындарына айналып кеткенін айтты.

– Біз жазасын өтеушілерді күнде қабылдаймыз. Мазалаған мәселелерін шешіп беруге тырысамыз. Бізде сотталғандардың қасында жеке құрам мен әскери жасақ бар. Олар жазасын өтеушілерді бақылап, әр жарты сағат сайын тексеріс жүргізіледі. Мен өз жасағымдағы 66 сотталғанға жауап беремін. Заң бойынша айына бір рет сотталғанды қабылдауым керек,– дейді жасақ бастығы.

Түзеу мекемесіндегі қызметкерлер

– Түзеу мекемесінде қызмет ету, басшы болу оңай шаруа емес. Белгілі бір қиындықтар бар. Мен тек қана түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер үшін ғана емес, жеке құрам үшін де жауаптымын. 740 сотталғанның әрқайсысы үшін қоғам алдында, туыстарының алдында біз үлкен жауапкершіліктеміз. Түзеу мекемесінде штат бойынша лейтенанттан подполковникке дейін 67 қызметкер бар. Оның ішінде ерлермен қатар әйел азаматтары да қызмет атақарып келеді. Сонымен қатар ерікті түрде жалдамалы қызметкерлер де бар,–дейді мекеме басшысы.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Ерлан Ұзақбаев 2002 жылдан бері Қылмыстық Атқару жүйесі саласында қызмет етіп келеді. Елордамыздағы бұрынғы ЕЦ-166/10 қатаң режимдегі түзеу мекемесінде, Уақытша ұстау изоляторында, Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық Атқару Жүйесі Департаментінде түрлі қызметте болған.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

– Біздің отбасымыз бұл қызметке үйренген. Олар бізді жиі көрмейді. Мереке күндері де қызметте боламыз. Тәуліктік режимге түсемін,–дейді Ерлан мырза.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Ал Әділет аға лейтенанты Алмас Амангелдіұлы ҚР ІІМ Шырақбек Қалыбаев атындағы Қостанай академиясын 2019 жылы аяқтаған. Сол жылдан бері ЕЦ-166/5 Төтенше жағдайдағы мекемеде сотталғандар арасындағы әлеуметтік тәрбие жұмысымен айналысып жасақ бастығы қызметін атқарып келеді.  

– Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйене отырып, 2014 жылы 13 тамызда бекітілген №8 бұйрық бойынша бас бостандығынан айрылған сотталғандардың тәрбие жұмысы қағидалары және де Қазақстан Республикасы ІІМ 2014 жлғы 17 тамыздағы №819 бұйрық бойынша Қылмыстық атқару жүйесі ішкі тәртіп қағидалары бойынша және тағы да басқа нормативтік құқықтық актілер бойынша жұмысымызды жүзеге асырамыз. Біз тәрбие бөлімі сотталаған карантин бөлімшесіне келген күннен бастап тәртіп шарамызды жүзеге асырамыз. Яғни сотталған келген күннен бастап сотталғанға құқықтары мен міндеттерін, мекеме ішіндегі күн тәртібін сақтауын түсіндіреміз. Мекемеде сотталғандар орта білім ала алады. Әр түрлі мамандықтар бар. Мен жетекшілік ететін жасақта 66 жеңілідкті және жеңілдетілген сотталған бар. Олардың өзіндік тәртіптері өте жақсы. Қазіргі таңда спорттық іс шараларда әндер айтады, өлең оқиды, қолөнер өнімдерін жасап, сурет салады. Және де ағаштан көптеген нәрселерді жасап шығарады. Сотталаған мекемеде өзін жақсы ұстап, көптеген іс-шараларға қатысатын болса, жазасын өтеушілерге бірінші, екінші және үшініші дәреже береміз. Бұған қоса жеңілдікті және жеңілдетілген түрлерге ауыстыра аламыз. Сотталғандармен көтермелеу іс шараларын жүргіземіз. Көтермелеу іс шарасы ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді болып бөлінеді. Іс-шарада белсенділік танытқандарға мадақтама қағаздарын беріледі. Жазасын өтеушілер өздерін жақсы жағынан көрсетуіне байанысты ерте мерзімінен бұрын босап шығу және мерзімінен жеңілдетілген түрге ауыстыру бойынша іс-шара қолданады. Яғни ол ертеңгі күні соттың алдына барғанда жоғарғы көрсетілім болып есептеледі. Мінездемесі жақсы, көтермелеу іс шаралары өте көп және де мекемеде құқық бұзушылық бұзбаған сотталағанға мерзімінен босап шығуға септігін тигізеді,–дейді жасақ бастығы Алмас Амангелдіұлы.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Мекемеде 28 жылға дейін сотты болған азаматтар бар. Олардың ішінде сегіз адамның қанын мойнына жүктеген жазасын өтеуші де бар.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Саналы ғұмырын тар қапаста өткізіп жатқан әрбір азамат еркіндікті аңсайтыны анық. 15-20 жылдан бері темір торда отырған олар өмірдің құндылығын енді түсінгендей. Жазасын өтеушілердің әрқайсысының бостандыққа шығуға дәмесі бар. Сотталғандар шартты түрде босап шығуға өтініш білдіре алады. Алайда кінәсін мойындап, қанша өкінсе де қылмыс жасаған адамды бауыр еті баласынан айырылған ана мен жастайынан жетім қалған балалардың кешірмейтіні анық. Бостандыққа шығу сотталғандарың біріне жаңа өмір бастаудың жақсы мүмкіндігі болса, екіншілері темір тордың арғы жағына қайта оралуы ғажап емес.

Қапастағы тaғдырлaр (ІІ бөлім)

Бұл материал әзірленіп жатқанда, жоғарыда біз сөз еткен кейіпкеріміз 25 жылдан бері қапаста отырған Абибулла Оразқұлов бостандыққа шығып, жақындарымен қауышуға сәт санап отыр. Саналы ғұмыры темір тордың ар жағында қор болған Абибулла аттай 25 жылын қапаста өткізді. Аз уақыт емес. Десе де жасаған қылымысының заң алдында өтеуін алды. Міне-міне қауышқалы отырған бостандықтың Абибуллаға берер сыйы тек жақсылық болғай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға