Жаңалықтар

AMANAT партиясы референдумды қолдау штабының жұмысын қорытындылады

Фото: AMANAT
AMANAT партиясы референдумды қолдау штабының жұмысын қорытындылады
06.06.2022 15:04 1509

Бүгін AMANAT партиясы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді қолдау Республикалық партия штабының жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды El.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың басшылығымен Республикалық штаб құрылған болатын. Штабқа Парламент депутаттары, зиялы қауым, мәдениет, спорт, жастар өкілдері және т.б. кірді. Аймақтарда облыстық және аудандық деңгейдегі штабтар құрылып, республика бойынша барлығы 218 штаб жұмыс істеді.

AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов ақпараттық-түсіндіру науқанының нәтижелері туралы айтты.

«Конституциялық өзгерістерді халыққа түсінікті тілмен жеткізуге тырыстық. Кеше азаматтар өз таңдауын жасап, елдің болашақ даму жолына қатысты шешім қабылдады. Осы арқылы еліміз Жаңа Қазақстанның іргетасын қалады. Алда көп жұмыс, үлкен міндеттер тұр»,- деді Асхат Оралов.

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцевтің айтуынша, депутаттық корпустың алдында заң шығарушылық қызмет бойынша ауқымды жұмыс тұр.

«12 мамыр мен 3 маусым аралығында депутаттар еліміздің аймақтарындағы 1 204 елді мекенге барып, барлық сала өкілдерінен тұратын 120 мыңға жуық адамның қатысуымен 2,5 мыңнан астам кездесу өткізді. Кездесулер бейресми, сенімді түрде, ашықтық пен айқындық жағдайында өтті. 6 мыңнан астам өтініш пен ұсыныс қаралып, партия мен Үкімет тарапынан пысықталғаннан кейін азаматтарға баяндалатын болады»,- деді Павел Казанцев.

Жалпы, Республикалық партиялық штаб мүшелері 6 мамырдан 3 маусымға дейін үгіт-насихат жұмыстары аясында 12,7 мың іс-шара өткізді. Олар шалғай елді мекендердің, ауылдардың, қалалардың тұрғындарымен, жастармен, мұғалімдермен, кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті. AMANAT партиясының 28 мыңға жуық өкілі еліміздің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру барысы заңдылығының сақталуын қадағалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға