Жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй сүріледі

Сот шешімі 1 шілдеде күшіне енді.
Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй сүріледі
02.07.2022 05:28 2258
Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешенін сүру басталды, деп хабарлады Еl.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес Шұғыла шағынауданындағы Байтелі батыр көшесі, 24 мекенжайында заңсыз тұрғызылған 12 қабатты тұрғын үйді бұзу мәселесі көтерілген болатын.

Нәтижесінде қала құрылысын бақылау басқармасының талап арызы қанағаттандырылып, Алматы соты аталған нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Сот шешімі 1 шілдеде күшіне енді.

Айта кетері, бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы нысанда тексеру жүргізіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықты анықтаған еді. Құрылыс салушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ескертулерді жою туралы ұйғарым шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға