Қандастар Ассамблея

Александр Бублик Ұлыбританиядағы турнирдің ширек финалына өтті

Фото: ktf.kz 23.06.2022 90

Ол австралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасты.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истборн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды El.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 86-орында тұрған австралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасты. 

Бублик бірінші партияда 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Екіншісінде қарқынын үдете түсті – 6:2. Бір сағатқа созылған матч барысында Бублик 15 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгелдей пайдаланды. Қарсыласы эйспен де, брейкпен де көзге түсе алған жоқ. Александр жартылай финалға шығу үшін әлемнің 14-інші, осы жарыстың үшінші ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицпен кездеседі.

Ұқсас материалдар