Жаңалықтар

Алакөлге күніне сегіз рет ұшақ қатынайды

Алакөлге күніне сегіз рет ұшақ қатынайды
Фото: 7kun.kz 20.06.2022 17:28 1296

Нұр Сұлтан – Үшарал, Алматы – Үшарал, Талдықорған – Үшарал, Алматы – Үшарал – Зайсан бағытындағы әуе рейстері шілде айының 10-нан бастап ұшады, деп хабарлайды El.kz «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.

Қазір әуежайдың ұшу-қону алаңы жөндеуден өтіп жатыр. Жөндеуден кейін әуежай Boeing әуе кемелерін де қабылдай алады. Осылайша Алакөлге күніне 500 адамның әуе жолдары арқылы келуіне мүмкіндік жасалып отыр. Чартерлік және одан өзге де жекелеген рейстерді қоса есептесек, жазғы шомылу маусымы кезінде Үшаралға қатынайтын әуе рейстерінің саны еселеп артады. Әкімдік Алакөлдің инфрақұрылымын дамытуға айрықша басымдық берілетінін айтты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға