Жаңалықтар

Абай, Жетісу, Ұлытау: Әкімшілік ғимараттарға 12 млрд теңге бөлінеді

Жаңадан құрылған облыс орталықтарында әкімшілік ғимараттар сатып алуға және жөндеу жұмыстарына 12 млрд теңге керек. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
Абай, Жетісу, Ұлытау:  Әкімшілік ғимараттарға 12 млрд теңге бөлінеді
13.06.2022 13:46 991

«Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдар облыс орталықтарындағы жөндеу жұмыстарына, әкімшілік ғимараттарды алуға қатысты бюджет қаражатының тиісті көлемін айқындады. Алдын ала есептеулер бойынша осы бағытта қажет қаражат сомасы 12 млрд теңге шамасында болды. Бюджет қаражатын бөлу мәселесі заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады», - деді Ә. Қуантыров.

Оның айтуынша, министрлік жаңадан құрылған облыстарда инфрақұрылым нысандарына, жылжымайтын мүлік қоры, әкімшілік ғимараттарға жөндеу жүргізу тұрғысында талдау жүргізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға