Жаңалықтар

17 өңірді қамтыған телекөпірде референдум сөз болды

Референдумды қолдау штабының мүшелері қатысқан телекөпір өтті.
17 өңірді қамтыған телекөпірде референдум сөз болды
11.05.2022 18:50 1669

Бүгін Қазақстанның Азаматтық Альянсының төрайымы Бану Нұрғазиева мен референдумды қолдау штабының мүшелері қатысқан телекөпір өтті.

17 өңірді қамтыған телекөпірде референдум сөз болды

Бану ханымның сөзінше, енгізілетін өзгерістердің барлығы біздің еліміз үшін тиімді болғалы тұр.

«Мемлекет басшысы өкілеттілігін өзінен алып, оны мәжіліске, парламентке беріп отыр. Президент өкілеттілігін азайту идеясын Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында өзі айтқан болатын. Бұл өте дұрыс шешім»,- деді Қазақстанның Азаматтық Альянсының төрайымы.

Бүгінгі шараның мақсаты – республика бойынша 17 өңірдің өкіметтік емес ұйымдарының өкілдерін басын қосу.

«Бану ханымның айтуынша, бұдан былай конституциялық кеңестің орнына енді сот болады. Оған кез келген адам жүгініп, шешімін күте алады. Омбудсмендердің де қызметі күшейетін болады. Ол конституциялық статус алып отыр. Олар ешбір мемлекеттік органға бағынбайды. Үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен осы мәселелерді талқылаймыз. Референдумға барлығы бұл өзгерістер өздеріне керегін түсінген кезде, азматтардың барлығы қатысатын болады. Бұл өзгерістер мемлекетке емес, әрбір адамға керек»,- дейді Бану Нұрғазиева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға