Жаңалықтар

Құрылтай естуші мемлекет болып қалыптасуы тиіс – Олжас Сүлейменов

Құрылтай естуші мемлекет болып қалыптасуы тиіс – Олжас Сүлейменов
16.06.2022 18:28 2769

Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлейменов жаңадан құрылған Ұлттық құрылтай халықтың көкейіндегі мәселені билікке тікелей жеткізуі тиіс екенін айтты,– деп хабарлайды El.kz.

– Президент Жаңа Қазақстанды жаңа кадрлармен құру керектігін айтты. Ол орынды пікір. Ұлттық құрылтай ертеңгі халық пен билік арасындағы алтын көпір, - деді Олжас Сүлейменов. – Әр өңірден келген құрылтай мүшелері көкейіндегі мәселелерін ашық алаңда Мемелекет басшысына жеткізді. Соның ішінде білім саласы, тіл мәселесі ерекше көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта жастарды ғылымға тарту жайлы айтқан математик Асхат Жұмаділдаевтың айтқан пікірі көңілге қонымды болды. Қазақстанның болашағы – жастар. Сондықтан кемел келешектің тұтқасы ретінде жан-жақты дамуымыз керек, - деді Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлейменов

Еске салайық, келесі құрылтай отырысы бүкіл түркі елінің бесігі болған Түркістанда өтеді.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға